1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуінде келеңсіз жайт болды

Владимир Зеленский, Эммануэль Макрон және Владимир Путин Париждегі саммитте © Reuters Владимир Зеленский, Эммануэль Макрон және Владимир Путин Париждегі саммитте © Reuters

Дүйсенбі 9 желтоқсанда Парижде "норманд төрттігінің" кездесуі өтті. Ресей, Украина, Франция және Германияның басшылары - Владимир Путин, Владимир Зеленский, Эммануэль Макрон және Ангела Меркель бір үстел басында отырды. Әлем елдерінің басшыларының кездесуінің негізгі мақсаты - Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыс мәселесін шешу. Алайда кездесу барысында аздаған келеңсіз жайт болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Кездесудің төрт мүшесі мәжіліс залына кірген кезде Зеленский Путинге арналған креслоға бағыт алған. Сол кезде monsieur Poutine деп жазылып тұрған креслоға Ресей президенті келген кезде Зеленский қателескенін түсініп, орындықтың басқа тұсына өтіп кетті. 

Зеленский орындыққа отырып, бірден қолына су алды. Артынша тағы бір келеңсіз жайт болды. Орнына отырған Украина президенті журналистерге қарап суретке түсу керек екенін түсінбей қалды. Макрон мен Путин Зеленскийге журналистерге қарап, суретке түсу керек екенін түсіндірді. 

Сонымен қатар, ресейлік журналистер Париждегі саммитте Владимир Зеленскийдің сөзі орыс тілінде қолмен жазылғанын аңғарып қалған. Украина президентінің шпаргалкасын Кремль пулының тілшісі Дмитрий Смирнов суретке түсіріп алған. 


© Дмитрий Смирнов/Twitter

Артынша Елисей сарайында Зеленский мен Путиннің кездесуі өтті. Ол бір сағаттан аса уақытқа созылды. 

Айта кетейік, бұл - Ресей және Украина президенттерінің алғашқы кездесуі. Бұған дейін олар тек телефон арқылы сөйлескен.