РФ президенті Владимир Путин ФҚҚ директоры Александр Бортниковпен Санкт-Петербург метросында болған жарылыстар туралы талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
РФ президенті Владимир Путин ФҚҚ директоры Александр Бортниковпен Санкт-Петербург метросында болған жарылыстар туралы талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.
Осыған дейін ол, жарылыстың неліктен болғаны туралы барлық нұсқалар қарастырылатынын және соның ішінде террорлық акт болуы мүмкін екенін де жасырмады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін де айтты.
"Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді ол.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, 20-сы зардап шекті.
Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.
Санкт-Петербург | РОССИЯ ● Станции где произошли теракты (карта) ⇢ pic.twitter.com/kc2xfiXDvo
— MilitaryMaps (@MilitaryMaps) 3 апреля 2017 г.