15 қазан 2022 10:04

Путин мобилизация жарияланғаннан кейін елден кеткен ресейліктер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация басталғалы елден кетіп қалған ресейліктер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация басталғалы елден кетіп қалған ресейліктер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен эмоциялық емес, заң тұрғысында баға берер едім. Әр жағдай бойынша әр азаматтың әрекетіне деген баға. Біреу бір нәрседен қорқып кетті, енді біреуі мобилизациядан құтылғысы келеді, тағысын тағы. Әрбір нақты жағдайда құқықтық баға беру керек және белгілі бір адамға қатысты тек осы негізде әрекет ету керек. Менің ойымша, басқаша әрекет ету мүмкін емес", - деді Путин Астанада өткен саммитте. 

Оның айтуынша, ішінара мобилизация аясында 222 мың адам шақырылып, екі апта ішінде барлық жұмылдыру шарасы аяқталады.

"Қорғаныс министрлігі бастапқыда аз санды ұсынды. Екінші: қосымша ештеңе жоспарланбайды. Мен Қорғаныс министрлігінен ешқандай ұсыныс алған жоқпын. Мен жақын болашақта ешқандай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын", - деді Ресей президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети