Путин Навальныйдың улануы туралы тергеуге қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Алексей Навальныйдың оны кім улағанын айтқан видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Алексей Навальныйдың оны кім улағанын айтқан видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай қауесеттің болуы таңқаларлық емес, олар әрқашан болған және болады да. Осындай ақпараттық қақтығыс", - деп жауап берді Путин Life.ru тілшісінің сұрағына.

"Берлин ауруханасындағы науқасқа қатысты. (...) Песков кеше ғана маған біздің арнайы қызметтердің мәліметтеріне және тағы басқасына қатысты соңғы әңгімелер туралы айтты. Оның не екенін біз жақсы түсініп тұрмыз. Бірінші жағдайда да, мына жағдайда да ол ешқандай тергеу емес, ол америкалық қызметтердің материалдарын заңдастыру. Олар локацияны аңдып отыратынын біз білмейміз бе? Біздің қызметкерлер оны жақсы түсінеді және біледі. Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері де, басқа да арнайы орган қызметкерлері де оны жақсы біледі, қажет жағдайда телефон қолдана алады", - деді Путин. 

Оның айтуынша, егер шынымен солай болса, онда Навальный АҚШ арнайы қызметкерлерінің қолдауына ие болуы мүмкін. 

"Егер ол дұрыс болса қызық. Бұл жағдайда арнайы қызмет өкілдері оны аңдуы керек. Бірақ бұл оны улау керек деген сөз емес, ол кімге керек?", - деді Путин. 

"Егер қаласа істі соңына дейін жеткізер еді. Ал жалпы оның әйелі маған өтініш жасаған кезде мен бірден оны Германияға емделуге жібердім, сол сәтте", - деді РФ басшысы.  

Путин Алексей Навальныйдың тергеуі трюк екенін айтады. 

"Бұл трюктің мәні - жоғарыдағы адамдарға шабуыл жасау. Осылайша мұны істеп отырғандар белгілі бір деңгейге көтеріліп: "Назар аударыңдар! Менің серіктесім осы. Демек мен де сондай адаммын. Маған ұлттық деңгейдегі адам ретінде қараңдар" дейді. Бұл саяси күресте баяғыдан белгілі трюк", - деді ол.  

Оның айтуынша, адамдардың қолдауына ие болу үшін бұл трюктерді қолданудың қажеті жоқ. 

"Өзіңді не нақты істермен дәлелдей білу керек, не елімізде қолданыла алатындай нақты бағдарламамен айналысу керек. Мен елдегі саяси күш иелерін жеке амбицияларын емес, Ресей Федерациясының азаматтарының қызығушылығына сай келетін істермен айналысуға, елдегі мәселені шешу үшін позитив нәрсе ұсынуға шақырамын. Ал бізде ондайлар жетіп артады", - деді Путин. 

Айта кетейік, ресейлік оппозиционер Алексей Навальный оны улаған болуы мүмкін адамдар туралы тергеу жүргізген видеосын жариялаған болатын. 

Еске салайық, Навальный 20 тамызда ұшақта өзін жайсыз сезінгеннен кейін Омбыда ауруханаға түскен болатын. Зерттеу нәтижесінде, Омбы дәрігерлері зат алмасу бұзылғаннан қандағы қант мөлшері күрт өзгергенін хабарлаған еді.

Алайда кейін ол ұшақпен Германияға жеткізілді. ГФР үкіметі Навальный "Новичок" улы затымен уланғанын мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro