Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.
Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.
"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шын жүректен атаулы мерейтоймен - біздің елдердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Ширек ғасыр аралығында Ресей мен Қазақстан халықтарының достығы мен сыйластығының арқасында екі ел арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары деңгейге жеткіздік", - делінген Ресей президентінің жеделхатында.
Құжатта ресейлік-қазақстандық саяси диалог, сауда-экономикалық одақтастық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардың белсенді түрде дамып жатқаны атап өтілген.
"Біздің елдердің Еуразиялық экономикалық одаққа қосқан үлесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізуде. Бірлесе отырып, Ресей мен Қазақстан арасындағы барлық кешенді қарым-қатынасты дамытып, халықаралық өзекті мәселелерде конструктив шешім шығарылуына атсалысатынымызға сенімдімін. Бұл, сөзсіз, біздің елдердің негізгі талаптарына жауап береді. Шын жүректен Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, денсаулық, табыс және бар жақсылықты тілеймін", - делінген Кремль сайтында жарияланған құжатта.