Путин немерелерінің есімі мен жасын не үшін жасыратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин немерелерінің есімі мен жасын не үшін жасыратынын айтты © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин балаларының саясатқа араласпайтын және Мәскеуде қарапайым өмір кешіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин балаларының саясатқа араласпайтын және Мәскеуде қарапайым өмір кешіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Халықпен тікелей эфир кезінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин отбасы жайында айтып берді. 

"Менің балаларым, қыздарым қауесеттерге қарамастан, осында, Ресейде, Мәскеуде тұрып жатыр. Немерелерім бар. Олар да қарапайым өмір сүріп жатыр. Қыздарым ғылыммен, білім берумен айналысады. Ешқайда араласпайды, ешқандай саясатқа, қалыпты, қатардағы адамдар секілді өмір сүруде. Немерелерімнің кейбірі балабақшаға да барып жүр", - деп жауап берді Путин ресейліктердің сұрағына. 

Президент неліктен немерелері туралы мәліметтің ашық болуын қаламайтынын айтты. 

"Олар бір ханзадалар сияқты емес, қарапайым болып өскенін қалаймын. Ол үшін олар қарапайым балалармен араласқаны жөн. Қазір аты мен жасын айтсам болғаны, оларда маза болмайды. Бұл баланың дамуына зиян келтіреді. Мені дұрыс түсініп, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", - дейді Путин. 

Дегенмен Путин отбасына қатысты бір мәліметті ашып айтты. 

"Жақында екінші немерем дүниеге келді", - деп бөлісті қуанышты жаңалығын Владимир Путин. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети