Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Путин Олимпиада алауын жақпайтынын айтты

04 Ақпан 2014, 20:15
1
Владимир Путин. ©Марат Әбілов
Владимир Путин. ©Марат Әбілов
Ресей Президенті Владимир Путин Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада алауын жақпайтын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Р-Спорт" агенттігі таратқан мәліметке сүйеніп.

Ақпарат құралының хабарлауынша, Ресей Президенті Қысқы Ойындардың басты алауын құрметке лайықты спортшылардың бірі жағуы тиіс екенін айтқан. "Мен қысқы спорт түрлерінің өкілі емеспін, мен жай ғана әуесқоймын. Ұйымдастырушылар алауды жағуға лайықты үміткерді табады. Бізде қысқы спорт түрлерін паш етіп жүрген көрнекті атлеттер көп", - дейді В.Путин.

Ресей басшысы Олимпиада алауын жағатын адам туралы интернетте пайда болған ақпараттың ойдан шығарылған сөз екенін айтты. "Мен бұл әзіл жайлы естігенмін. Маған оны Песков (баспасөз хатшысы) айтып берген", - деді ол. Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл қауесет көркем гимнастика шебері Алина Кабаева жөнінде. Бұған дейін Рунетте "Кабаева Олимпиада алауын жағатын болыпты" деген сыбыс тараған.

Мұндай әңгімені ең алғаш болып тележүргізуші Ксения Собчак Тwitter-де жазған еді. "Олимпиада ойындарын Алина Кабаева алауды жағып, салтанатты түрде ашады. Оған ашылу салтанаты кезінде көп орын бөлінген", - деп жазған болатын Собчак.

Айта кетейік, Сочи Олимпиадасына үш күн қалды. Жылдың басты халықаралық бәсекесінде 88 мемлекеттен 2800 спортшы бақ сынайды.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай