Владимир Путин ақпарат құралдарында пайда болған өзінің дерті туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның айтуынша, "өсексіз өмір қызық емес". Еске салайық, оның ауруы Қазақстанға жасауы тиіс сапарының кейінге қалуына себеп болды деген ақпарат 11 наурыз күні тараған еді. Мұндай ақпараттардың бәрін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қайта-қайта жоққа шығарып отырды.

Песков Санкт-Петербургте Ресей мен Қырғызстан президенттерінің кездесуі өткен Константинов сарайында Ресей басшысының "жоғалып кетуі" туралы мәлімдемелерге қатысты түсінік бере отырып, қауесеттерді әзілге айналдырды. "Тұла бойы сал боп қалған", "генералдар басып алған" президентті көрдіңіздер ме? Жаңа ғана Швейцариядан келді, ол жақта оның әлдекімді босандырғанын білесіздер", - деді Песков.
16 наурыз күні Ресей басшысы қырғыз әріптесімен бірге журналистердің алдына шықты. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Владимир Путиннің өзін жақсы сезінетінін хабарлады. "Жаңа ғана Владимир Владимирович мені аумақта қыдыртты, өзі рульде отырды. Өсек тарамауы үшін. Ресей президенті жүріп қана қоймай, қонақтарды көлікпен алып та жүре алады. Орысша айтқанда, мұндайды ұзақ күту керек", - деді Атамбаев. "Өсексіз өмір қызық болмайды", - деді Владимир Путин. Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев қазір Санкт-Петербургте ресми сапармен жүр.