Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Украинаның Одақтық мүшелікке ие бола отырып, Қырымда қалай операция бастайтынын елестетіп көруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Украинаның Одақтық мүшелікке ие бола отырып, Қырымда қалай операция бастайтынын елестетіп көруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Украинаның доктриналық құжаттарында олар Қырымды қайтармақшы деп жазылған, соның ішінде әскери жолмен. Олар көпшілікке сөйлей салған жоқ, құжаттарда жазылған. Елестетіп көріңізші, Украина НАТО-ның мүшесі, қару-жарақпен қамтылған, қазіргі заманғы соққы жүйелері Польша мен Румыниядағыдай - кім кедергі келтіреді? Қырымда операциялар басталады, қазір мен тіпті Донбасс туралы айтып отырғаным жоқ. (...) Украина НАТО елі деп елестетіп, осы әскери операцияларды бастайды. НАТО блогымен не істеуіміз керек? Ал, біреу бұл туралы ойланды ма? Меніңше, жоқ", - деді Путин Ресей-Венгрия келіссөздерінің нәтижелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Ресей президенті алғаш рет 26 қаңтарда АҚШ пен НАТО-ның Ресейдің қауіпсіздік кепілдіктері туралы ұсыныстарына берген жауаптарына түсініктеме айтты. Оның айтуынша, Мәскеу оларды мұқият талдайды.
"Бірақ қазірдің өзінде түсінікті, мен бұл туралы премьер-министр мырзаға Ресейдің негізгі алаңдаушылықтары ескерілмегенін хабарладым. Біз үш негізгі талабымыздың тиісті есебін көрмедік", - деді Путин.
Негізгі тармақтардың ішінде Ресей президенті НАТО-ның кеңеюіне жол бермеу, Ресей шекараларына жақын орналасқан қару-жарақ жүйелерін орналастырудан бас тарту, сондай-ақ 1997 жылға қарай Еуропадағы блоктың әскери инфрақұрылымын қайтару туралы айтты.
Путиннің айтуынша, КСРО ыдырағаннан кейін Солтүстік атлантикалық одақ инфрақұрылымды шығысқа жылжытпауға уәде берген, бірақ қазір НАТО-ға Балтық елдері, Польша және Румыния кіреді.
"Айтты да, ісі басқа болды. Біздің халық айтқандай, олар лақтырып кетті, жай ғана алдай салды", - деп қосты Ресей президенті.
Сонымен бірге, ол НАТО құжаттарында "Ашық есік" саясаты еш жерде бекітілмегеніне назар аударды.
"Өздері "Ашық есік" саясаты дейді. Ол қайдан пайда болды сонда? НАТО-да "ашық есік" саясаты... Ол қайда жазылған? Еш жерде. 1949 жылғы шарттың 10-бабында, ұмытпасам, НАТО құру туралы альянс НАТО-ның барлық қатысушысымен және мүшелерімен келісе отырып, басқа Еуропа елдерін осы ұйымға қабылдай алады деп жазылған. Мүмкін, бірақ міндетті емес", - деді Ресей президенті.
Украина әлі де Қырымды өз территориясы, бірақ уақытша басып алынған деп санайды. Сонымен бірге, Ресей басшылығы Қырым тұрғындары демократиялық жолмен, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына толық сәйкес, 2014 жылы наурызда Ресеймен қайта қосылуға дауыс берді деп бірнеше рет мәлімдеген. Владимир Путиннің айтуынша, Қырым мәселесі "толығымен жабылған".
Айта кетейік, Қазақстан Қырымды ресейлік деп таныған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!