30 наурыз 2017 | 19:40

Путин Ресейдегі ереуілдерге қатысты өз ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

РФ президенті Владимир Путин "қандайда бір саяси күштер" заңсыз акцияларды өз мақсатында пайдаланғысы келетінін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ол Арктикалық форумда мәлімдеді. 


Иконка комментария блок соц сети

РФ президенті Владимир Путин "қандайда бір саяси күштер" заңсыз акцияларды өз мақсатында пайдаланғысы келетінін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ол Арктикалық форумда мәлімдеді. 

26 наурызда Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың жақтастары жемқорлыққа қарсы шеру өткізген болатын. 

"Қандайда бір саяси күштер ереуілдерді елдің игілігі үшін емес, сайлау алдында өз мақсатында пайдаланғысы келетінін жөнсіз деп есептеймін. Мұндай ереуілдер "араб көктемі" аталып кеткен оқиғаларға түрткі болғанын айтқым келеді. Ал мұның арты неге әкеліп соққанын, қандай қанды оқиғаларды тудырғанын жақсы білеміз. Сонымен қатар, дәл осындай жағдай Украинадағы төңкеріске алып келген. Украинаның қазір қандай жағдайда отырғанын да білеміз", - дейді ол. 

Путин батыстың Мәскеудегі шерулерге қатысуға шақыруы Ресейдің ішкі саясатына араласуы деп есептейді. 

"Мұндай үгіттің бәрі полицейлердің азаматтарға көрсеткен қаталдығы аясында болып отыр. Мәселен, Париждегі азаматтың өз үйінде өлтірілуімен. Сондықтан мұндай үгіттеулердің саяси астары бар", - деді Путин.

Ол Ресейде жемқорлықпен күрес сатылай жүріп жатқандығын айтады. 

"Жемқорлықпен күрес үнемі қоғам алдында болуын жеке өзім қадағалап келемін және осыған адамдардың назар аударғанына ризамын", - дейді ел басшысы. 

Еске салайық, мұның алдында Алексей Навальный полицияға бағынбағаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын. Полиция мәліметі бойынша, ереуіл күні Тверская көшесі мен жақын маңда 7-8 мың адам болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети