Путин ресейлік бітімгерлер Қарабаққа кіретінін мәлімдеді

viewings icon 647 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасы эфирінде Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс әрекеттерін тоқтату және Таулы Қарабақта бітімгерлік режимін орнату туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасы эфирінде Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс әрекеттерін тоқтату және Таулы Қарабақта бітімгерлік режимін орнату туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Путин 10 Қарашада таңертеңнен бастап Қарабақ қақтығысы аймағындағы барлық әскери әрекетті толығымен тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғаны белгілі болды.

Путиннің айтуынша, Әзербайжан мен Армения өздері қарамағында болған орындарда тоқтайды. Тараптар әскери тұтқындармен және қаза тапқандардың денелерімен алмасуы тиіс. Аймақтың барлық экономикалық және көлік байланыстары ашылып жатыр.

Өңірде ресейлік бітімгерлер орналасатыны айтылады.

"Ресейдің бітімгерлік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс желісі мен Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойымен орналастырылып жатыр", - деді Путин.

"Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ пен оған жақын аудандарға оралады", - деп қосты ол.

"Қол жеткізілген уағдаластықтар Таулы Қарабақ төңірегіндегі дағдарысты әділ негізде және армян және Әзербайжан халықтарының мүдделері үшін ұзақ мерзімді және толық форматты реттеу үшін қажетті жағдайлар жасайтынын негізге аламыз", - деп атап өтті Ресей басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro