Ресей президенті Владимир Путин сәуірде қатерлі ісіктің үдемелі түрінен емделді. Бұл туралы АҚШ барлау қызметінің құпия баяндамасында айтылған, кейін Newsweek журналы жариялады, - деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.
Ресей президенті Владимир Путин сәуірде қатерлі ісіктің үдемелі түрінен емделді. Бұл туралы АҚШ барлау қызметінің құпия баяндамасында айтылған, кейін Newsweek журналы жариялады, - деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.
Басылым мәліметінше, баяндамада наурызда Путинге қастандық жасалғаны да айтылған.
"Путиннің билігі мықты. Оның Кремльдегі бүкіл билігі кезінде бұрын-соңды мұндай қызу күрес болған емес, бәрі оның билігі аяқталуға жақын екенін сезеді", - дейді журналға сұхбат бергендердің бірі.
Сонымен қатар, үш ақпарат көзі де Ресей басшысының оқшаулануы АҚШ барлау агенттіктерінің Путиннің денсаулығына нақты баға беруін қиындататынын, шетелдік лидерлермен кездесулерінің азаюы, бетпе-бет кездесулер арқылы алынатын ақпараттарды тоқтататынын айтты.
"Путиннің оқшаулануы ол туралы ақпарат алуды қиындатты", - деді ол.
Соңғы айларда Украинадағы соғыс қарсаңында Путиннің денсаулығы нашар деген болжам БАҚ-та бірнеше рет жарияланды. 2022 жылдың мамырында Путинмен жеке жұмыс істеген режиссер Оливер Стоун Ресей президентінің қатерлі ісік ауруымен ауыратыны туралы хабарлады. Proekt басылымы Путинді сапарларда онкологиялық ауруды емдейтін дәрігерлер тобы алып жүретінін жазды.
29 мамырда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров француздың TF1 телеарнасына берген сұхбатында Путиннің денсаулығы нашар деген ақпаратты жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!