28 ақпан 2022 08:34

Путин тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне ауыстыруды бұйырды

Ресей президенті Владимир Путин. Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне ауыстыруды бұйырды. Бұл туралы ол Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу мен Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовпен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НТВ-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне ауыстыруды бұйырды. Бұл туралы ол Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу мен Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовпен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НТВ-ға сілтеме жасап.

Кездесуде Путин Батыс елдері "экономикалық салада елге қарсы жағымсыз әрекеттер жасап қана қоймай, НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары" Ресейге агрессив мәлімдемелер жасауға мүмкіндік береді" деп атап өтті.

Осыған байланысты президент тежеу күштерін жауынгерлік кезекшіліктің ерекше режиміне ауыстыруды бұйырды.

Реклама
Реклама

Стратегиялық тежеу күштеріне стратегиялық шабуыл күштері (СШК) және стратегиялық қорғаныс күштері (СҚК) кіреді. Құрлықаралық қашықтықтағы зымыран және авиациялық кешендермен жабдықталған СШК негізін стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері кіретін стратегиялық ядролық күштерден жасақталады.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада ауқымды шабуыл туралы хабарлаған болатын.

Еске салайық, 22 ақпанда Путин ДХР мен ЛХР-ды тану туралы жарлыққа қол қойды. Ал ертесі, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Украинаның әр өңірінде әскери қақтығыстар болып жатыр.

Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram