Путин ДХР мен ЛХР-ны тану туралы жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин ДХР мен ЛХР-ны тану туралы жарлыққа қол қойды Фото: РИА Новости

Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жарлықтарға қол қойылғаннан кейін Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей мен Донецк Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Содан кейін Путин мен ЛХР басшысы Леонид Пасечник Ресей мен Луганск Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Өз кезегінде Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон ДХР мен ЛХР-ны тану "халықаралық құқықтың бұзылуы" деп атады.

"Донецк және Луганск республикаларын тану - халықаралық құқықтың айқын бұзылуы, бұл егемендік пен аумақтық тұтастықты бұзу және Минск келісімдерінен бас тарту. Менің ойымша, бұл жамандықтың белгісі. Бұл жағдай дұрыс емес бағытта дамып келе жатқанының тағы бір белгісі. Ұлыбритания украин халқына қолдау көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды", - деді Джонсон.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети