Путин Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты

21 Қараша, 09:39
0
Путин Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты -

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Путин Зеленскиймен жеке таныс емес екенін, тек телефон арқылы сөйлескенін айтқан. 

"Менің Зеленскиймен қарым-қатынасым қандай? Ешқандай! Мен оны ешқашан көрмедім, жеке таныс емеспіз, тек телефон арқылы сөйлескенбіз. Меніңше, ол өте сүйкімді және шынайы адам", - деді Путин "ВТБ Капиталдың" "Россия зовет!" форумында. 

Еске салайық, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді кездестіріп, келіссөз жүргізуге ниет білдірген. Тұңғыш Президенттің ұсынынсына Украина президенті тет-а-тет кездесуге келісім берген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай