Путинге тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмыстан шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Ямал-Регион" телерадиокомпаниясының журналисі Алиса Яровская жыл сайын өтетін баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путинге сұрақ қойған соң жұмыстан шығуға мәжбүр болды, - деп жазады  Znak.com мен Ura.ru басылымдары.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ямал-Регион" телерадиокомпаниясының журналисі Алиса Яровская жыл сайын өтетін баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путинге сұрақ қойған соң жұмыстан шығуға мәжбүр болды, - деп жазады  Znak.com мен Ura.ru басылымдары.

Журналист президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметінше, бастапқыда көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. Жиында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын, бірақ жобаның жүзеге аспай жатқанын айтқан.

Бірақ шенеуніктер Яровскаяның бұл сұрағына наразы болды. Олар өңір басшысының мұндай белсенділігін аса құптамайды дейді. Телеарна редакциясы басқа сұрақ қоюы тиіс болған екен.

Яровская РИА Новости басылымына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтады. Бірақ ол нақты қандай себеп болғанын айтпады.

Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз қызметі журналистің өз еркімен жұмыстан шыққанын растады.

"Баспасөз қызметіндегілерде оны жұмыстан шығарып жіберді деген ақпарат жоқ. Бүгін Алиса Яровская өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтініш жазды", - деп хабарлады губернатордың баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro