Путиннің оққағарлары итеріп тастаған ардагер оқиғаны түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің оққағарлары итеріп тастаған ардагер оқиғаны түсіндірді

Ұлы Отан соғысының ардагерін Ресей президентінің оққағарлары Қызыл алаңда итеріп тастаған. Қария оқиғаның қалай болғанын REN-TV телеарнасына айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысының ардагерін Ресей президентінің оққағарлары Қызыл алаңда итеріп тастаған. Қария оқиғаның қалай болғанын REN-TV телеарнасына айтып берді. 

"Қандай сезімде болдыңыз дейсіз бе? Онымен бірінші рет сөйлесіп тұрғаным жоқ. Барлығы жақсы өтті. Мені шараға ардагер деп шақырды. Трибунада бірге отырдық. Мен оның артында отырдым. Ол келген сәтте бәрімен қол алысып амандасты. Басқа ардагерлер де бар еді. Ол трибунадан сөз сөйледі. Сосын "Белгісіз сарбаз" зиратына келді. Мен алға қарай жүріп кеттім", - дейді генерал-майор Дмитрий Сыркашев. 

"Президенттің екі оққағары болды. Мен артында келе жаттым. Президент мені біледі ғой. Көп кездескенбіз. Оққағарлар мені шетке итермек болған, бірақ президент менің қолымнан ұстап, өзімен алып кетті. Оққағарлар содан кейін маған тиіспеді. Олар президенттің мені білетінін сезді", - деді ол. 

Еске салайық, 9 мамырда Владимир Путин президенттік оққағарлар итеріп тастаған ардагерді өзіне жақын ұстап, жылы тартқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети