Путиннің ұшағымен бірге Су-57 жойғыштары ілесіп ұшты

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің ұшағымен бірге Су-57 жойғыштары ілесіп ұшты © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Ахтубинскіге барды. Президент Астрахань облысында әскери-өнеркәсіптік комиссияны дамыту мен әскери құрылыс мәселелері бойынша сессия жиналысына қатысты. Сондай-ақ ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Президенттің ұшағымен бірге алты Су-57 жойғыш ұшақтар тобы ілесіп жүрді. Жаңа жойғыштар әуеге В. П. Чкалов атындағы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығынан көтерілген. 

Путин мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын да тексерді. Президентке "Кинжал" гипер дауысты МиГ-31К тосып жойғыш ұшағын таныстырылды. Сондай-ақ ұшқышы жоқ ұшақтар, радиолокациялық және зенит-ракета С-350 "Витязь", "Тор-М2" және "Бук-М3" пен қатар "Панцирь" зеңбірек-зымыран кешендері көрсетілді. 

Президенттің қасында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу болды. Оған қоса Бас штабтың жетекшісі Валерий Герасимов, вице-премьер Юрий Борисов, Минпромторгтың басшысы Денис Мантуров және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері болды. Жаңа жиынтықтар көрсетілгеннен кейін Путин Су-57  жойғыш ұшқыштарымен сөйлесті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети