Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ГФР канцлері Ангела Меркельдің Владимир Путинге Украинадағы ахуалға қатысты ультиматум қойғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ГФР канцлері Ангела Меркельдің Владимир Путинге Украинадағы ахуалға қатысты ультиматум қойғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз келіссөздердің тоны туралы айтып тастадық. Қанша жерден ниеті болса да, ешкім ешқашан президентпен ультиматум тонында сөйлескен емес, сөйлесе алмайды да", - деп мәлімдеді Песков.
Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркельдің Ресей президенті Владимир Путинге 11 ақпанға дейін Германия мен Франция жасаған Украина жөніндегі бейбітшілік жоспарына қатысты өз ұстанымын айқындап алуды ұсынғаны хабарланған еді. Ол бұлай болмаған жағдайда ЕО тарапынан Ресейге жаңа санкциялар енгізілетінін айтты. Wall Street Journal басылымы ақпарат көздерінің хабарлауынша, ГФР канцлері Минскіде өтетін "норманд төрттігі" кездесуінде Путин Германия мен Францияның бейбіт жоспарына келісім беруі керек деп есептейді. Оның айтуынша, егер Ресей Минск саммитінде жаңа "жол картасын" ескермейтін болса, Германия Ресей компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізіп, есепшоттарына тыйым салынатын Ресей азаматтарының тізімін кеңейтеді.
Бұған қоса, ақпарат көздерінің хабарлауынша, Меркель Путинге талап орындалмаған жағдайда Германия АҚШ-тың Украинаға қырып жою қаруын жеткізуіне қарсы болмайтынын мәлімдеді. Еуропа саясаттанушылары болса, жанжалды дипломатиялық жолмен шешу керек екенін айтты, олардың пікірінше, Меркельдің қосымша қару жеткізу туралы мәлімдемесі жанжалдың шешілуіне септігін тигізбейді.
Еске сала кетейік, Франсуа Олланд пен Ангела Меркель Мәскеуге келіп, Украина жөніндегі бейбіт жоспарды талқылаған еді. Кездесуге қатысқан ел өкілдері келіссөздердің қорытындысын "сындарлы" деп бағалады. 8 ақпан күні келіссөздер телефон арқылы жүргізілді, оған Украина президенті Петр Порошенко да қатысты. Оның нәтижесінде 11 ақпанда Минскіде "норманд форматындағы" кездесу өткізу туралы шешім шығарылды.