Путиннің кеңесшісі 22 жыл жұмыс істегеннен кейін Кремльден кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің кеңесшісі 22 жыл жұмыс істегеннен кейін Кремльден кетті © РИА Новости

Ресейдің экс-президенті Борис Ельциннің күйеу баласы Валентин Юмашев Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің экс-президенті Борис Ельциннің күйеу баласы Валентин Юмашев Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Reuters.

Агенттік Юмашевтың өзінен және Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан жауап ала алмаған.

Ельцин орталығы атқарушы директорының орынбасары Людмила Телен РИА Новостиге Юмашевтың сәуірде қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.

"Юмашев осыған дейін өз өтініші бойынша президент кеңесшісі қызметін атқарды. Сәуірден бастап ол кеңесші қызметінен өз еркімен кетті", - деді Телен.

Айта кетейік, 1997-1998 жылдары Юмашев Ресей президенті Борис Ельцин әкімшілігінің басшысы болған. Кейін Ельциннің қызы Татьянаға үйленді.

Юмашев Путиннің ерікті кеңесшісі екені 2018 жылы белгілі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети