Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды Фото: ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды, - деп хабарлайды РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин қызының коронавирусқа қарсы екпе салғызғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтқан.

"Менің қыздарымның біреуі өзіне осындай екпе салғызды. Яғни ол экспериментке қатысты. Бірінші екпеден кейін дене қызуы 38 градус болды, келесі күні 37-ден асты. Бар болғаны осы", - деді Путин. 

Сондай-ақ Ресейде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина тіркелгені хабарланды.

"Қытайлық әріптестерімізде тіркелу кезеңінде тұрған әзірлеме бар. Тағы бірнеше ел бар, бірақ ол жақта клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ал жалпылай айтқанда, тіркеу куәлігін толық форматта алғаш болып Ресей алды", - деді РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети