Ресей Президенті Владимир Путиннің Швейцария банктеріндегі есеп-шотында 40 миллиард доллар бар. Бұл туралы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап, британдық The Times газеті жазды, - деп хабарлайды "Дождь" телеарнасы.
Ресей Президенті Владимир Путиннің Швейцария банктеріндегі есеп-шотында 40 миллиард доллар бар. Бұл туралы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап, британдық The Times газеті жазды, - деп хабарлайды "Дождь" телеарнасы.
Басылымның мәліметі бойынша, америкалық ресми өкілдер Владимир Путинға тиесілі активтердің барлығына тыйым салуды қарастырып жатыр. The Times басылымының жазуынша, бұл мәселе бейсенбіде Женевада өткен келіссөздер барысында, егер Украинадағы дағдарысты шешу тығырыққа тірелетін болса, онда Ресей билігінің басты өкіліне қатысты қолданылатын ең орынды санкция ретінде қарастырылған.
Бұл активтердің барлығы Ресей Президентіне тиесілі екенін дәлелдеу оңай болмайды. Дегенмен америкалық қаржы министрлігінде іздестіру өкілеттілігі бар, - деп жазады британдық газет.
Басылымның жазуынша, батыстың барлау қызметкерлері Ресейдің ірі энергетикалық компаниялары акциясының иегері Владимир Путиннің қазынасы Швейцария банктерінде деп күдіктенуде. Қай банкте екені нақтыланбаған. Дегенмен, The Times дереккөзінің мәліметі бойынша, Путин өзінің барлық активтерін шет елдік қаржы институтында, басқа біреудің атына рәсімдеп қойған.
The Times газетінің ақпараты бойынша, АҚШ Швейцария банктері мәселеге түсіністікпен қарайды деп сенуде. Соған байланысты басылым АҚШ-тың қаржы министрлігіндегі дереккөзінің "біз банкттердің барлығын тексере алмаймыз, бірақ санкция жеке тұлғаға салынып тұрған кезде біріге жұмыс жасаймыз деген үміттеміз" деген сөзін жазған.