Путиннің сөзінен кейін экобелсенді қыз Twitter желісіндегі мәліметін өзгертті

Путиннің сөзінен кейін экобелсенді қыз Twitter желісіндегі мәліметін өзгертті © REUTERS

Экобелсенді Грета Тунберг Twitter желісіндегі парақшасы туралы ақпаратты Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінен кейін өзгерткен, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экобелсенді Грета Тунберг Twitter желісіндегі парақшасы туралы ақпаратты Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінен кейін өзгерткен, - деп хабарлайды РИА Новости

Сәрсенбіде Путин Тунбергтің пікіріне қатысты ешқандай таңданыс тумағанын айтқан. Оның ойынша "балаларды арнайы мақсаттарға жету үшін пайдалану" дұрыс емес.

Путиннің айтуынша, Грета - оған ешкім "қазіргі әлем күрделі және алуан түрлі" деп түсіндірмеген "мейірімді әрі ақкөңіл қыз".

Путиннің сөздерінен кейін Тунберг Twitter желісіндегі парақшасында "Ештеңеден хабары жоқ мейірімді қыз" деп өзгерткен. 

Бұған дейін Гретаның парақшасында "Жарқын болашақтан дәмелі бақытты қыз" деп тұрған. 

Еске салайық, 16 жастағы швед оқушысы Грета Тунберг Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі саммитінде экологиялық апат жайлы сөз сөйлеп, әлем жұртының назарын өзіне аударған еді. 

Әлемді аузына қаратқан 16 жастағы қыз кім және оған қандай жауап берілді?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети