07 қазан 2014 | 15:00

Путиннің төңірегіндегілер өзара қырқыса бастады - Bloomberg

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Медведев пен Игорь Сечин. ©kommersant.ru Дмитрий Медведев пен Игорь Сечин. ©kommersant.ru

Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағылар екі негізгі топқа бөлініп, үстемдік үшін өзара қырқыса бастады. Ал Путин бұл уақытта халықаралық саясатқа назар салып жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне Ресей үкіметіндегі мәліметке қанық ақпарат көздері айтып берді, - деп хабарлайды ЛІГАБізнесІнформ.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағылар екі негізгі топқа бөлініп, үстемдік үшін өзара қырқыса бастады. Ал Путин бұл уақытта халықаралық саясатқа назар салып жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне Ресей үкіметіндегі мәліметке қанық ақпарат көздері айтып берді, - деп хабарлайды ЛІГАБізнесІнформ.

Премьер-министр Дмитрий Медведев басқарып отыр делінген бірінші топты Ресейдің әлемдік экономикалық және қаржылық жүйеден оқшауланып келетіні алаңдатады. Ал екінші топ экономикада мемлекеттік басқаруды күшейтуді қалайды. Екінші топ құрамында "Роснефть" басшысы Игорь Сечин және басқа да мемлекеттік компаниялардың басшылары, сонымен бірге арнайы қызмет ардагерлері мен құрамына Сергей Иванов кіретін Ресей үкіметі күш құрылымдары блогының өкілдері бар тәрізді.

"Путиннің қоластындағы топтардың өзара қарсыласуы соғыс деңгейіне дейін қызды. Таңдаулы топтар азайып бара жатқан ресурстар қорына таласып отыр, - деп мәлімдеді Путиннің бірінші президенттік мерзіміндегі Кремль кеңесшісі Станислав Белковский.

Басылым Ресей экономикасы рецессияға жақындаған сайын саяси элита өкілдері арасындағы келіспеушіліктердің күшейе түсетінін жазды. Рубль мен мұнай минимумға дейін құлады - 6 қазанда Мәскеулік биржа саудасында доллар 16 жылдан бері бірінші рет 40 рубльге дейін қымбаттады.

"Система" АҚК басшысы Владимир Евтушенковтың қамауға алынғаны мен оның "Башнефть" компаниясын мемлекеттендіру отқа май құйғандай әсер етті. ЮКОС ресейлік мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Евтушенковтың қамауға алынғанынан кейін оған қарсы істі бастамашылық еткен деп "Башнефть" компаниясын сатып алуға қызығушылық білдіріп жүрген Сечин деп мәлімдеді.

Сечиннің "Роснефть" компаниясы осы жылдың алғашқы сегіз айында мұнай өндіру мөлшерін айтарлықтай азайтты, басшысымен бірге батыстың санкциялық тізіміне түсті және мемлекеттің қаржылай көмегіне мұқтаж. Дереккөздің нақтылауынша, Евтушенков Медведевпен жақын байланыста және биліктегі әлеуетті блокпен, оның ішінде Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановпен даулы жағдайда. Белковский "Евтушенков үшін күресте" Медведев жеңіліп, "Башнефть" ЮКОС-тың күнін кешетініне сенімді.

Америкалық басылымның жазуынша, бұған дейін Путин төңірегінің ұстанымы Украина мәселесіне байланысты екіге жарылған. Енді олар Евтушенковтың ісі немен бітерін, оның соңынан кімнің еретінін күтіп отыр. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, Ресей президентінің айналасында ешқандай да даулы жағдайдың жоқтығын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети