Қарулы ер адам АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне кіріп кетпек болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарулы ер адам АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне кіріп кетпек болған - БАҚ

Қарулы ер адам АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне кіріп кетпек болған, алайда полиция оны тоқтатып, ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарулы ер адам АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне кіріп кетпек болған, алайда полиция оны тоқтатып, ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

"Қарулы адам АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне кіріп кетпек болды, полиция оны тоқтатып, ұстады", - деп хабарлады басылым Twitter желісіндегі парақшасында. Anadolu агенттігінің мәліметінше, ер адам елшілікке кіріп кетпес бұрын, әуеге оқ атқан.

Сонымен қатар, АҚШ елшілігінің сайтында полицияның елшілік маңында шара жүргізіп жатқанын хабарланды. Елшілік қызметкерлері АҚШ азаматтарын америкалық дипломатиялық өкілдік орналасқан ауданнан алшақ жүруге шақырды. Бастапқыда қауіпсіздік ережесін бұзумен байланысты оқиға болды делінді, алайда елшілік нақты қандай оқиға жайлы айтылып отырғанын нақтыламады. 

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді. Бұдан кейін Түркия билігі Ресей елшісін атқан адамның полицей болғанын мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети