Қарызға белшесінен батқан әке қызын өлтіріп, өзі суицидке барған сәтін видеоға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарызға белшесінен батқан әке қызын өлтіріп, өзі суицидке барған сәтін видеоға түсірген © РИА Новости/Наталья Селиверстова

Мәскеу түбіндегі ауылдың 36 жастағы түрғыны 13 жастағы қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды L!FE.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу түбіндегі ауылдың 36 жастағы түрғыны 13 жастағы қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды L!FE.ru.

Басылымның мәліметінше, қыздың шешесі бұл кезде іссапармен жүрген. Қайғылы оқиға орнында көптеген қарыз түбіртектері болғаны айтылады. Сөйтсек, ер адамның аты-жөні Максим Шевченко екен. Ер адам суицид жасау алдында баласының мәйітімен бір күн болғаны айтылады.

Mash мәліметінше, ер адам өзін өлтірген сәтін видеоға түсірген. Сондай-ақ, тергеушілер Максим Шевченконың өлім алдында қалдырған аудиоүндеуін тапқан. Ер адам аудионы шешесі мен полицияға арнаған-мыс.

Бірінші аудиожазбада ол жалғызбасты әке болғанын және қаржылай қиындықтарға тап болғандықтан осындай қадамға барғанын айтқан. Максим 36-ға келсе де, өмірде ештеңеге қол жеткізбегенін айтып, өкінген. Қызды жетім қалдырма үшін және өзге адамдардың асырауына бермеу үшін ер адам оны өлтіруді ұйғарған. 

Екінші аудиожазбада ер адам өз шешесінен кешірім сұраған, ал полицейлерден тергеу жүргізбей, қызымен бірге жерлей салуды сұрапты. 

Осы дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети