Қазақстанда асырап алынған бала АҚШ-та қаза тапты

Қазақстанда асырап алынған бала АҚШ-та қаза тапты © mvtimes.com

Американың Уэст-Тисбери қаласында (Массачусетс штаты) Қазақстанда асырап алынған бала - 17 жастағы Дэвин Айсұлу Такэбери қаза тапты, - деп хабарлайды Тhe Martha’s Vineyard Times

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Уэст-Тисбери қаласында (Массачусетс штаты) Қазақстанда асырап алынған бала - 17 жастағы Дэвин Айсұлу Такэбери қаза тапты, - деп хабарлайды Тhe Martha’s Vineyard Times

Дэвин Айсұлу Такэбери 1 қыркүйекте өз үйінде қаза тапқан. Алайда бұл туралы ақпарат енді ғана жария болған. Өлім себебі айтылмай отыр. 

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келген. Оны 14 айлық болған кезінде АҚШ азаматтары Уэйн және Кэтлин Тэкаберилер асырап алған. Жасөспірім орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген кезінде қайтыс болған. 

Дэвин Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен тығыз байланыста болған. Ол гимнастикамен, бимен, сондай-ақ көркем өнермен және суретке түсірумен айналысқан. 

Сайт мәліметінше, Дэвин ЛГБТ қоғамының өкілі болған. Ол қоғам атынан әртүрлі пікірталастарға қатысып отырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети