Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған - БАҚ © ru.sputnik.kg

Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті, деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы.

Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, ұсталғандардың арасында депутат болған.

"Министрлікке 16 ақпан күні кешке шұғыл түрде Қырғызстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің консулы Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Әбішевке бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қырғызстан СІМ мамандарының айтуынша, "Қырғызстан Республикасының министрлігі мен шет елдегі мекемелері бұл мәселені бақылауда ұстап отыр".

Сонымен қатар, парламентарий құрамына кіретін "Қырғызстан" фракциясындағылар бұл мәліметтің тескерілетінін айтты.

"Қандай да бір қателік кеткен болар. Ұсталғандар жөнінде бізге барлығы белгісіз. Біз бұл ақпаратты тексереміз", - деп келтірді фракция өкілінің сөзін 24.kg.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети