Қырғызстан экс-президенті Атамбаевтың немересіне ерекше есім берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан экс-президенті Атамбаевтың немересіне ерекше есім берілді Алмазбек Атамбаевтың алты баласы бар. © sputnik.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева 21 қарашада қыз босанды. Алайда қызға қандай есім қойылғаны енді белгілі болды, - деп хабарлайды Kaktus media

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева 21 қарашада қыз босанды. Алайда қызға қандай есім қойылғаны енді белгілі болды, - деп хабарлайды Kaktus media

Әлия әлеуметтік желіде жазба қалдырды, соның арқасында нәрестеге Аюна есімі берілгені белгілі болды. 

"Аюна. Осы әріптердің жиынтығын мен интернеттен әйелдер есімі тізімінен байқадым, дауыстап айтып көріп ем, мәңгіге ғашық болдым. Босанбай жатып осы есімнің менің қызыма арналғанын сездім. Бұл ой санадан шыққан ұғым емес, жүректен шықты. Үш дауысты, бір дауыссыз, өте жұмсақ естіледі. Менің есімім секілді, бірақ өзгеше. Жел не су секілді. Көпшілікке түсінікті, рационалды басқа да нұсқалар болды. Бірақ интуиция рационализмді жеңді.

Қызыма қарап, осы шешімнің дұрыс болғанын сеземін. Оның көздері жолдасым мен ұлымдікіне ұқсайды...", - деп жазды" Шагиева Instagram желісіндегі парақшасында.

"Вечерний Бишкек" газетінің мәліметінше, қыздың есімі шын мәнінде ерекше, Қырғызстан үшін де әдеттен тыс. 

Аюна - Әлия мен оның жолдасы Константиннің екінші баласы. Тұңғыш баласы Таир 2017 жылы наурызда дүниеге келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети