Қырғызстан президенті лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев © РИА Новости

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев терроризм мен экстремизм үшін сотталған адамдарды азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл заңның мақсаты - халықаралық терроризм мен экстремизм саласындағы қылмыстар үшін қатаң жауапкершілікке тарту.

"Қырғыз Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу" заң жобасы жарыққа шыққаннан кейін он күннен соң өз күшіне енеді. Ол заңды Жогорку Кенеш 30 шілдеде қабылдады. Заң жүзінде Әкімшілік жауапкершілік кодексіне, Қылмыстық кодексіне, Қылмыстық-атқару кодексіне және "Терроризмге қарсы әрекет", "Экстремизм қызметіне қарсы әрекет", "Қырғызстан азаматтығы" және "Мемлекеттік зейнеткерлік әлеуметтік сақтандыру" заңдарына өзгертулер енгізіледі.

Бұл өзгерістер жазалаудың және жаза өтеу мекемелерінде жазасын өтейтіндер үшін шарттарды қатаңдауға бағытталған. Еске салайық, кәмелет жасына толмағандарды қарулы қақтығыс болып жатқан жерлерге аттандыруға қылмыстық жазаны қарастыратын заңға өзгертулер болатындығы айтылып отыр. Террористтік және экстремистік әрекеттерді ашық түрде қолдап, ғаламторда жариялағаны үшін адамдар мен БАҚ өкілдеріне 100 мың сом (1,5 мың доллар) айыппұл салынуы керек деген ұсыныс қабылданды. Егер осы жағдай бір жыл ішінде қайталанатын болса, онда ол қылмыстық жазалауға тартылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети