Қырғызстан Ресейдің Сириядағы әрекеттерін ресми түрде қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Ресейдің Сириядағы әрекеттерін ресми түрде қолдады © РИА Новости

Қырғызстан Ресей әуе-ғарыш күштерінің Сириядағы ДАИШ позицияларына жасаған әуе соққыларын қолдайды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Ресей әуе-ғарыш күштерінің Сириядағы ДАИШ позицияларына жасаған әуе соққыларын қолдайды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰҚКҰ елдері бірінші кезекте өз шекарасының қорғанысын ойлауы керек, себебі ДАИШ Орталық Азияда халифат орнатуды көздейді. Меніңше, ДАИШ-пен күрес, оның ішінде Сириядағы қақтығыс Қырғызстанның мүддесі. Бұл мәселеде біз РФ әуе соққыларын қолдаймыз. Оның үстіне жасалып отырған бірінші тиімді соққылар. Осыған дейін ойынға ұқсас әлдене болды. ДАИШ позицияларына соққы жасалған, алайда ол кеңейіп, нығайып келеді. Сондықтан да бәрі дабыл қақты. Теріс ақпарат жүріп жатыр. Мәселен, ресейлік атқыштардың бейбіт халықты атқылағаны жайлы мәлімет бірден тарады. Бұл жаңалық тіпті ұшақтар ұшпай жатып беріліпті. Нағыз ақпараттық соғыс жүріп жатыр", - деді Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Сирия мәселесі бойынша Ресей басшысы Владимир Путинге толықтай қолдау білдірді. Оның айтуынша, Сирия Ливия мен Ирактың тағдырын қайталамауы үшін және мемлекет ретінде сақталып қалуы үшін бүкіл әлем бірінші кезекте күш салуы керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети