Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні болып жарияланды © Zanoza.KG

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев дүйсенбі, 29 тамызды Мәскеудегі баспаханада шыққан өрттен қаза тапқан 14 қырғызстандыққа арнап, аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Президенттің өкімімен дүйсенбі, 29 тамыз қаза болғандарға арнап, аза тұту күні болып жарияланды", - деп хабарлады Қырғызстан үкіметі. Президенттің өкіміне қарағанда, елде барлық мемлекеттік ту түсіріліп, барлық көңіл көтеру шаралары кейінге қалдырылады. Мемлекет басшысы үкіметке өрт кезінде қаза болғандардың жанұяларына мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды.

Еске салайық, Мәскеуде сенбі күні таңғы уақытта баспахана өртеніп, салдарынан 17 адам қаза болған еді, оның 14-і Қырғызстан азаматы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети