Қырғызстанда "Дордой" базары қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда "Дордой" базары қоршауға алынды "Дордой" © stanradar.com

Орта Азиядағы ең ірі базар Қырғызстандағы "Дордой" қоршауға алынды. Милиция ол жерден қашқын экстремистерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта Азиядағы ең ірі базар Қырғызстандағы "Дордой" қоршауға алынды. Милиция ол жерден қашқын экстремистерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, милицияға қашқындарды көрдім деп қоңырау шалатындар көбейген. Әсіресе қашқын экстремистер туралы мәлімет бергендерге сыйақы жарияланғалы бері қоңырау шалушылардың қатары еселеп артқан. Құқық қорғау органдары барлық қоңырауды тексеріп жатыр. "Дордой" базары да хабар келіп түскеннен кейін қоршауға алынды. Ол шаралар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалған. Күн сайын ол базарға ондаған мың адам келеді.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Бұған дейін Қырғызстан милициясының аудандық бөліміне бір адам хабарласып, ботаникалық бақта іздеуде жүргендерге ұқсас бір ер адамның жүргенін хабарлаған. Милиция сол төңіректі тексере бастады. Нәтижесінде ботаникалық бақтың аумағынан жылы киімдер, көрпе мен шәйі бар термос табылды. Алайда қашқындар ол жерден табылған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети