Қырғызстанда кәріз желісінен 233 снаряд табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда кәріз желісінен 233 снаряд табылды © Ivlev.org

Қырғызстанның Қант қаласында кәріз желісінен 233 снаряд табылды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Қант қаласында кәріз желісінен 233 снаряд табылды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Артиллериялық снарядтарды қаланың Мәскеу көшесіндегі кәріз желісінің қақпағын ашып көрген тұрғындар тауып алған. Бұл желі "Кант-МТС" акционерлік қоғамының ғимараты орналасқан жердің астымен өтеді", - делінген ресми хабарламада. Оқиға орнына дереу жеткен саперлер снаряд арсеналын жер бетіне шығарды. Қазір оларды Бас штабтың арнайы полигонында жарып жіберу үшін алып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, КСРО кезінде Қант аумағында бірнеше әскери бөлімше болған. Ал 1999-2000 жылдары ел аумағына жан-жақтан еніп кеткен халықаралық террористермен күрес үшін әскери әуе айлағындағы барлық қару-жарақ пен сайман-құрал оңтүстікке көшірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети