Қырғызстанда қаруы мен оқ-дәрілері бар қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қаруы мен оқ-дәрілері бар қазақстандық ұсталды © Қырғызстан МШҚ БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі

Қырғызстанда қаруы мен оқ-дәрілері бар қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қаруы мен оқ-дәрілері бар қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, "Кенбулун-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде қырғызстандық шекарашылар 1 бірлік LOM-S револьверін, 98 дана Hilti cal.5.6/16 патронын және револьвердің дыбысын басқыш құрылғыны тәркіледі. Қару мен оқ-дәрілер Қазақстан азаматының Subaru Forester маркалы автокөлігін тінту барысында табылды.

"Ұсталған азамат Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болды. Қазақстан азаматына қатысты тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол қару-жарақтармен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети