Қырғызстанда қашқын экстремистер жайлы мәлімет бергендерге сыйақы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қашқын экстремистер жайлы мәлімет бергендерге сыйақы жарияланды Коллаж. © Тengrinews.kz

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті түрмеден қашқан экстремистер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті түрмеден қашқан экстремистер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт күн бойы іздестіріліп жатқан қашқындар туралы ақпарат жеткізген адамға шамамен 4,5 мың доллар беріледі. "Біз қашқын қылмыскерлер туралы хабарлағандарға 300 мың сом сыйақы тағайындадық", - делінген хабарламада. Қолда бар мәліметтер бойынша, қашқындар дәл қазір республика аумағында.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети