Қырғызстанда жол апатынан ақын және екі әнші қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жол апатынан ақын және екі әнші қаза тапты

Қырғызстанның Нарын облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында - 26 жастағы суырып-салма ақын Ақжолтай Қанат уулу да бар, - деп хабарлайды Kaktus.media.

Қайғылы оқиға 11 қарашада Бішкек - Торугарт тасжолының 218-ші шақырымында болған. Subaru Impreza автокөлігі бар жылдамдығымен жүк көлігіне соқтығысқан. Мұзтайғақта жапондық көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Төртінші жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. 

Әртістің туыстары Sputnik-Кыргызстан басылымына берген сұхбатында, ер адам жарымен және достарымен Бішкектен Кочкор ауданына бара жатқан. 

Turmush басылымы мәліметінше, ақынмен бірге жары Майрам, әнші Жоомарт Алмазбеков және Ырысбек Алибеков, сондай-ақ Ормонхан ауылының тұрғыны Жетиген уулу Кубат деген азамат болған. "Жастар 11 қарашада болуы керек Кубаттың ағасының тойына бара жатқан", - деп жазады басылым. 

Акжолтай Канат уулу бір жарым ай бұрын үйленген еді. Әр түрлі деңгейлі айтыштарға (ақындар айтысы) қатысқан. Ол осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болған қырғыздың суырып салма ақыны Майра Керимнің ұлы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети