Қырғызстанның арнайы жасағы ботаникалық бақтан қашқын экстремистерді таппады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның арнайы жасағы ботаникалық бақтан қашқын экстремистерді таппады © Tengrinews.kz

Қырғызстанның құқық қорғау органдарының Бішкектің ботаникалық бағында жүргізген арнайы операциясы нәтижесіз аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыскерлер табылған жоқ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның құқық қорғау органдарының Бішкектің ботаникалық бағында жүргізген арнайы операциясы нәтижесіз аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыскерлер табылған жоқ.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қашқын экстремистерді ұстау үшін Бішкектегі ботаникалық бақтың аумағын түгел қарап шықты. Дегенмен олар табылған жоқ. Арнайы жасақ қашқындарды іздеуді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Қырғызстан милициясының аудандық бөліміне бір адам хабарласып, ботаникалық бақта іздеуде жүргендерге ұқсас бір ер адамның жүргенін хабарлаған. Милиция сол төңіректі тексере бастады. Нәтижесінде ботаникалық бақтың аумағынан жылы киімдер, көрпе мен шәйі бар термос табылды. Қазір құқық қорғау саласының мамандары табылған заттардың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети