Қытай Бразилия экономикасының дамуы үшін 50 миллиард доллар ақша аударады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Бразилия экономикасының дамуы үшін 50 миллиард доллар ақша аударады Joc.com сайтынын

Қытай жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Бразилияға 50 миллиард доллар ақша аударуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды BBC News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Бразилияға 50 миллиард доллар ақша аударуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды BBC News.

ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің Бразилияға келесі аптадағы іссапары барысында құжатқа қол қойылады. Қаржы Бразилиядағы Атлант жағалауынан Перудегі Тынық мұхиты жағалауына дейін салынатын теміржол құрылысына жұмсалады. Нәтижесінде Қытайға шығарылатын өнімдердің бағасы арзандайтын болады. Сонымен қатар, қаржы болат пен автомобиль қосалқы бөлшектерін өндіру үшін жұмсалатын энергетикаға қолданылады.

Латын Америкасына іссапары кезінде Кэцян Колумбия, Перу мен Чилиде болады. Осы жылдың қаңтарында ҚХР басшысы Си Цзиньпин Қытайдың алдағы он жылда 250 миллиар доллар инвестиция жасайтынын мәлімдеген болатын.

РИА Новости басылымының хабарлауынша, 12 жыл ішінде Қытай мен Бразилияның тауар айналымы он есеге өскен. 2001 жылы 8,3 миллирд доллардан басталса, 2013 жылы 83,3 миллиард долларға жеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети