Қытай үкіметі шенеуніктерге үлкен кабинет алуға тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай үкіметі шенеуніктерге үлкен кабинет алуға тыйым салды ©liveinternet.ru

Қытайдың реформа және даму істері жөніндегі комитеті министрлер мен губернаторлардың кабинетінің көлемі 54 шаршы метрден аспау керек деген қаулы шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы China Daily газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың реформа және даму істері жөніндегі комитеті министрлер мен губернаторлардың кабинетінің көлемі 54 шаршы метрден аспау керек деген қаулы шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы China Daily газетіне сілтеме жасап.

"Орынбасарлардың кабинеті 12 шаршы метрге кіші болуы керек. Минстрліктер мен әкімшілік елді мекендердің департамент басшылары көлемі 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 24 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс істеуі керек", - делінген ведомство құжатында. 

Уезд жетекшілері көлемі 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 18 шаршы метрге жетпейтін жерде жұмыс істеуі керек. 

Десе де, басшылардың кабинетте бөлек дәретханасы мен демалу бөлмесі бар кабинет алуға құқы бар, бірақ бұл орындар көрсетілген көлем шектеуінен аспауы қажет. Ал орынбасарларға мұндай жеңілдік берілмеген.  

Айта кетейік, Қытай шенеуніктерінің салтанатты, кең кабинеттері көп жылдан бері қоғамның наразылықтары мен сынына қалып жүр. Сонымен қатар, кабинеті кең шенеуніктер ірі антикоррупциялық кампаниялардың басты нысанына айналған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети