Қытайда Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды © The National Interest

Қытайдың Хэбэй провинициясының шенеунігі Sina Weibo әлеуметтік желісінде ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Global Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Хэбэй провинициясының шенеунігі Sina Weibo әлеуметтік желісінде ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Global Times.

Басылымның мәліметінше, Шицзячжуан қаласында баспалар, баспасөз, кинематография, радиотаратылым және телевизия (SAPPRFT) мемлекеттік басқармасының жетекшісінің орынбасары Цзо Чуньхэ өз аккаунтында Мао Цзэдунды "ібіліс" деп атап, жыл сайын 26 желтоқсанда туған күнін атап өтуді "жеке басқа табынудың әлемдегі ең ірі көрінісі" деп атады.

Осы жазбасынан кейін Цзо Чуньхэ қызметінен босатылып, оған әкімшілік ескерту жасалды. Қазіргі уақытта экс-шенеуніктің Weibo желісіндегі аккаунты өшірілген.

Айта кетейік, Мао Цзэдун Қытай төрағасы қызметін 1954 жылдан 1959 жылға дейін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети