Қытайда шошқаларды жаппай қырып жатыр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда шошқаларды жаппай қырып жатыр © РИА Новости / Александр Кондратюк

Қытайда шошқалардың африкалық обасының (ШАО) таралуына байланысты 8 мыңнан аса шошқа қырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда шошқалардың африкалық обасының (ШАО) таралуына байланысты 8 мыңнан аса шошқа қырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, африкалық шошқа обасы елдің солтүстік-шығысында орналасқан Ляонин провинциясында анықталды. Ауру 1 тамызда Шэньян қаласындағы малқораның  бірінде тіркелген. Инфекция аймағы қоршалып, шошқаларды қыру басталды, аумақты дезинфекциялау және залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр.

Ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау федерал қызметі мәліметінше, 47 шошқа оба жұқтырған, 8069-ы жойылды. 

"ШАО вирусының генотип және генетикалық сипаттамасы, аурудың қалай туғаны туралы ақпарат жоқ. Инфекцияның бастамасы да анықталмаған", - делінген хабарламада.

Қытай - ең көп шошқа өнімдерін шығаратын елдердің қатарына кіреді. Шошқаның африкалық обасы - шошқаның жұқпалы вирустық ауруы. Ол қатерлі аурулар қатарына жатады. ШАО адам үшін қаупі жоқ, бірақ ауыл шаруашылығына үлкен зардап әкеледі. Себебі ол жазылмайды және оған вакцина әсер етпейді. Ауру таралуын тоқтату үшін тек қатаң шаралар қолданылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети