Қытайда супертайфунның күтілуінен 800 мың адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда супертайфунның күтілуінен 800 мың адам эвакуацияланды "Чан-Хом" тайфунының суреті

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында супертайфун болуы мүмкін деген қауіппен 800 мың адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды BBC News. Метеорологтардың айтуынша, 11 шілдеде аймақта соңғы 70 жылда болмаған өте ірі тайфун болады.

Жаппай эвакуациялау жалғасып жатыр. Барлық теңіз порттары мен провинция әуежайлары жабылды. Пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Метеорологтар "Чан-Хом" тайфуны Ресейдің Қиыр Шығысында да болуы мүмкін екенін айтты. Осыған орай теңіз жағалауында 12 сағаттың ішінде қарқындылығы 60 миллиметр болатын жаңбыр жауады.

"Боранның тағы қай жерде болатыны әзірше белгісіз. Сондықтан да басқа шешімдер қабылдай алмай отырмыз", - деді метеорологтар. Алдын ала болжам бойынша, тайфун солтүстік-солтүстік-шығысқа солтүстік ендік бойынша 30 градусқа бұрылып, Корея түбегіне бағыт алуы мүмкін. Қазір дауыл Шанхайға жақындап келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети