Қытайда жойқын құйыннан 6 адам қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда жойқын құйыннан 6 адам қаза тапты © pixabay.com

Қытайда дауылды құйын соғып, алты адам мерт болды, тағы жүздеген адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда дауылды құйын соғып, алты адам мерт болды, тағы жүздеген адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытайдың Кайюань қаласында болған табиғи апаттан алты адам көз жұмып, тағы 120-сы жарақат алған.

Дегенмен, зардап шеккендердің саны әлі де анықталып жатыр. Құйынның алыптығы сонша, оның диаметрі жүздеген метрге жеткен. 

Агенттіктің мәліметінше, құйын тұрған аумақтағы үйлердің еш бірінде терезе қалмаған, түгелдей қираған. Құйын үйдің шатырын қиратып, автокөліктерді аспанға иіріп әкеткен.

Бұған дейін ауа райын болжаушылар ыстық жаздың қандай салдары болатынын мәлімдеген. Олардың айтуынша, биыл осындай табиғи құбылыстар көп болмақ.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети