Қызғаныштан ашуға булыққан ер адам өзінің және қызының өлімін Facebook желісінде тікелей эфирден көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызғаныштан ашуға булыққан ер адам өзінің және қызының өлімін Facebook желісінде тікелей эфирден көрсетті

Тайландтың 20 жастағы тұрғыны Facebook тікелей эфирінде он бір айлық сәбиін өлтіріп, кейін өзі суицид жасады, - деп хабарлайды "Новости Пхукета". 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайландтың 20 жастағы тұрғыны Facebook тікелей эфирінде он бір айлық сәбиін өлтіріп, кейін өзі суицид жасады, - деп хабарлайды "Новости Пхукета". 

Қайғылы оқиға 24 сәуірде кешкі уақытта болған. Пхукетте тұратын 21 жастағы келіншек он бір айлық сәбиіне қауіп төніп тұрғанын полицияға хабарлаған. Ол сүйіктісінің Facebook Live трансляциясын ашып, сәбиді өлтіріп жатқанын айтқан.

Трансляцияның қайдан жүргізілгені белгісіз болған, полиция ер адам мен қызды іздеп тапқанша екеуі де қайтыс болған. Ер адам бастапқыда қызын өлтірген, кейін өзі асылып қалған.

Кейін қайтыс болған қыздың шешесі бұған қызғаныш себеп болғанын айтқан. Сөйтсек, ер адам оны көзіме шөп салдың деп айыптағаннан кейін әйел баласын тастап, үйден қашып кетіпті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети