Радио редакциясына баса-көктеп кіріп келген ер адам журналистің тамағына пышақ ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Радио редакциясына баса-көктеп кіріп келген ер адам журналистің тамағына пышақ ұрған Татьяна Фельгенгауэр. © facebook.com

"Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясында ресейлік журналист Татьяна Фельгенгауэрге пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясында ресейлік журналист Татьяна Фельгенгауэрге пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости

Радиостанциядағылардың айтуынша, бүгін белгісіз біреу редакцияға баса-көктеп кіріп Фельгенгауэрдің тамағына пышақ ұрған. БАҚ мәліметінше, шабуылдаған ер адам ұсталды, ал журналист ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Ұсталған азамат полицияға жеткізілді, одан жауап алып жатыр. Оның неліктен шабуыл жасағаны анықталып жатыр", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдауға олардың арасындағы жеке кекілжің себеп болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети