"Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясында ресейлік журналист Татьяна Фельгенгауэрге пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясында ресейлік журналист Татьяна Фельгенгауэрге пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Радиостанциядағылардың айтуынша, бүгін белгісіз біреу редакцияға баса-көктеп кіріп Фельгенгауэрдің тамағына пышақ ұрған. БАҚ мәліметінше, шабуылдаған ер адам ұсталды, ал журналист ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Ұсталған азамат полицияға жеткізілді, одан жауап алып жатыр. Оның неліктен шабуыл жасағаны анықталып жатыр", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдауға олардың арасындағы жеке кекілжің себеп болған.