Рахат Әлиевке осы айда айып тағылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке желтоқсан айында айып тағылады, бұл туралы Австрияның Heute газеті. Рахат Әлиев өзіне тағылған айыптаулармен келіспейді, ол мұны қолдан жасалған айып деп санайды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке желтоқсан айында айып тағылады, бұл туралы Австрияның Heute газеті. Рахат Әлиев өзіне тағылған айыптаулармен келіспейді, ол мұны қолдан жасалған айып деп санайды. 

Таяуда Вена прокурорлары айыптау қорытындысын аяқтайды. Басылымның мәліметінше, қылмыстық істің қозғалуына Рахат Әлиевтің әрекеттерінен зардап шеккен "Тағдыр" қоры бастамашы болды. 

Бұған дейін Мальта соты Әлиевтің қинау әдістерін қолдануы туралы істі тергеуге тыйым салған болатын. Сот өкілдерінің пікірінше, Әлиев Мальта азаматы болмағаннан кейін қылмыстық іс фигуранты ретінде қаралмайды. Қинау әдістері туралы шағымды Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев түсірген болатын. 

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 5 маусымда Венада ұсталды. Оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануы мен өлтірілуі туралы іс материалдары негіз болды. Вена прокуратурасының өкілі Томас Вичай егер Рахат Әлиевтің адвокатынан тиісті өтініш түссе, айыпталушының қамаудан кепілдікпен босатылмайтынын айтты. Бұрынғы елшіге Қазақстанда 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім сырттай шығарылды. Кейін Рахат Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлтірілуіне қатысы бар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша сотталған Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға өтініш берді, сот өтінішті қанағаттандырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro