Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Рахат Әлиевті Австрия Үкіметі кепілдікпен босатпайды

11 Маусым 2014, 21:58
0
Рахат Әлиев. Фото: facebook.com
Рахат Әлиев. Фото: facebook.com

Венанда қамауға алынған Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің адвокаттарынан өтініш түссе де, ол кепілдікпен босатылмайды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Австрия астанасы прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) мәлімдеді.

"Кепілдік енгізу кісі өлімі істері туралы Австрияның процессуальды заңнамаларымен қарастырылмаған", - деп мәлімдеді прокуратура өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Рахат Әлиевтің "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіруге қатыстылығы тексерілуде. Ведомства сондай-ақ тергеу барысында барлық ақпараттар, оның ішінде ҚР Бас прокуратурасы ұсына алатын деректер ескерілетіндігін де мәлімдеді.

Австрияның құқық қорғау органдары да күдіктіге әзірше ешқандай айып тағылып отырмағандығын нақтылады. Осы ретте айта кетейік, жақында қазақстандық ведомства австриялық құқық қорғау органдарына Рахат Әлиевтің ісін тергеуде барынша қолғабыс көрестілетіндігі мәлімдеген болатын. "Олар әрқашан өздерінің тергеу жұмыстарына араласпауымызды сұрайды", - деп баяндаған бұған дейін тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы.

Веналық құқық қорғау органдарының өкілдері олигарх өзі қамауға алынғалы ешқандай мәлімдеме жасамағандығын және заң қызметкерлеріне қандай себеппен тұтқынға берілу міндеттілігін де нақтылай айтпағандығын баяндаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы елшісінің Австрия полициясына өз еркімен бірілуге шешім қабылдағаны жайлы адвокат Манфред Айнедтер мәлімдеген болатын. Прокуратура сондай-ақ Рахат Әлиевтің Венаның қылмыстық сотына көршілес орналасқан Йозефштадт түрмесінде отырғанын хабарлаған. Бұл түрме тұтқындарды жеңіл тәртіппен ұстайтындығымен және онда жақында украиналық олигарх Дмитрий Фирташ отырғандығымен белгілі.

Прокуратура сондай-ақ Рахат Әлиевтің ісі бойынша Қазақстанның тағы да екі азаматы қамауға алынғандығын растады. Австрияның О1 радиосының мәліметтері бойынша олардың ішінде ҰКК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев та бар.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстанның экс-елшісінің қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылғандығы мәлім болды. Жалпы, Рахат Әлиев 5 маусым күні Венада ұсталған болатын. Оған Қазақстанда екі банкирдің ұрлануына және өліміне кінәлі деп айып тағылуы себеп болған. Қазақстанда оның 40 жылға бас бостандығынан айырылғандығы жөнінде сырттай үкім де шығарылған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай