Рахат Әлиевтің Мальтадағы вилласын полиция тінтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мальта полициясы. ©REUTERS Мальта полициясы. ©REUTERS

Мальтада құқық қорғау органдары Рахат Әлиев тұрған зәулім үйді тінтті, - деп хабарлайды Malta Today. Тінті экономикалық қылмыстар бойынша жүргізілген. Нақты айтқанда, Рахат Әлиевке тағылған ақша жымқыру айыптарына қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мальтада құқық қорғау органдары Рахат Әлиев тұрған зәулім үйді тінтті, - деп хабарлайды Malta Today. Тінті экономикалық қылмыстар бойынша жүргізілген. Нақты айтқанда, Рахат Әлиевке тағылған ақша жымқыру айыптарына қатысты.

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі мен оның әйелі Эльнара Шораз тұрған "Л'Этуаль" вилласы бүгінде дау-дамайдың ортасында. Жылжымайтын мүлік националистік партияның қаржы комиссиясының басшысы Рэй Бугеджеге тиесілі екені анықталды. 2011 жылдың қараша айында ол вилланы үшінші тұлға арқылы 350 мың евроға сатып жіберген. Ақырында мүлікті сатып алушының кім болғаны жария етілген жоқ, бірақ үй сатылған кезде Әлиев пен оның әйелі Мальтада болған.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Мальтадан 2013 жылдың тамызында кеткен еді. Ол ақшаның ізін жасырды деп айыпталып отыр. Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі өткен маусым айында Венада қолға түсті. Оған кісі өлтіру және ұрлау қылмысы туралы іс материалдары негіз болды. Әлиев "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлап кетіп, өлтірді деп айыпталған еді. Қазақстанда Әлиевті 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro